19 Сәу 2021
Әлеуметтік қызмет

Ж.Сәрсенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің ыстық тамақты ұйымдастыру сапасы мен заңға сәйкестілігі туралы мәлімет 2019-2020 оқу жылы

Жақия Сәрсенов атындағы  ЖОББМ барлығы 18 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Мектепте оқушыларды тамақтандыратын талапқа сай жасақталған асхана жұмыс жасайды. Асханада арнайы медициналық тексерістен өткен 1 аспазшы қызмет етеді. Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылды, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітілді. Тізімдік құрам ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 198 бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін стандарты  және ҚР үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысын басшылыққа ала отырып әлеуметтік деңгейі әртүрлі отбасынан шыққан оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталды.

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 21) тармақшасынасәйкес әзірленген және мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
      2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;

3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
      4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
      5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі - білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен есепке алу тәртібін айқындайды. Осы жоғарыда көрсетілген санаттарға сай оқушылар тегін ыстық тамақпен қамтылады деп шешім шығарылды.
   Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын құжат, әлеуметтік педагог,сынып жетекшісі мен ата-аналар комитетінің отбасын тексеру акті) негізінде қабылданды.

 

Р/С

Оқушының аты-жөні

класы

Әлеуметтік жағдайы

1

Жанысов Нәби

 

3-класс

Қорғаншылықтағы

2

Қанатқызы Дильназ

3-класс

АӘК алады

3

Нұрқасымқызы  Бибінұр

3-класс

көп балалы, АӘК алады

4

Қарасай Көркемай

3-класс

Көп балалы, АӘК алады

5

Қанатқызы Дана

6-класс

Туберкулез микробактерияларының алғашқы рет жұқтыруы , Көп балалы , АӘК алады

6

Айтжан Нұрасыл

6-класс

Мүмкіндігі шектеулі, көп балалы АӘК алады

7

Қазақбай Алина

6-класс

АӘК алады

8

Ғалымұлы Саят

6-класс

сәтсіз отбасы

9

Жұмабек Алмат

5-класс

Көп балалы, АӘК алады

10

Жоламанов Райымбек

5-класс

Туберкулез микробактерияларының алғашқы рет жұқтыруы

11

Біржанова Ботагөз

5 класс

Көп балалы

12

Әбілтаева Толғанай

2-класс

Сәтсіз отбасы

13

Сәрсенбай Саят

2-класс

АӘК алады

14

Нұртаев Байболсын

7-класс

көп балалы АӘК алады

15

Ордин Алмабек

4-класс

көп балалы, АӘК алады

16

Файзолла Мират

4-класс

көп балалы, АӘК алады

17

Аділбекқызы  Жанель

4-класс

көп балалы

18

Амандос Айару

1-класс

Көп балалы, АӘК алады

 

Оқушылардың тамақтану уақыты 2 кезеңде ұйымдастырылды. 1- ауысымда 4 оқушы,2-ауысымда 14 оқушыға тамақ беріледі. Ыстық тамақ ішуге ұзақ қоңырау (10 минут) ұйымдастырылған.  Оқушыларға ыстық тамақ аудандық білім бөлімі бекіткен мәзір бойынша дайындалады.

Үйлесімді тамақтандыруды бақылау жүзеге асырылады,  мектептің медициналық қызметкері тамақтану мәдениеті мен салауатты өмір салтын насихаттау бойынша дәрістер ұйымдастырады, көрнекті насихаттау жұмыстары жүргізіледі . Тамақтың сапасы күнбе -күн тексеріліп, сынама әр тамақтан арнайы қүтыға алынып  тұрады.Асхана бөлмелері жарық,таза санитарлық талапқа сай. Тамақ ішетін бөлме толық безендірілген,асхана бұрышы ілінген. Асханада тамақ ішетін уақытта  бөгде адамдар кіруге тыйым салынған. Мектеп әкімшілігі және мектеп директоры тарапынан ыстық тамақтың сапалы және заңға сәйкес берілуі тесеріліп тұрады.

 

 

Әлеуметтік педагог:              Лайықова Н

Жаңалыктар